Коронавирус: Дезинфекциялау жұмыстарына заманауи препараттар қолданылуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дезинфекция адамдар мен жануарларға зиянын тигізбейді. Бұл туралы Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы заманауи препараттарды қолдануда. Олар өте қауіпті емес: адамдар мен жануарлардың денсаулығына зиян келтірмеуі керек. Ерітінді нұсқаулық бойынша дайындалады және тек рұқсат етілген препараттар ғана қолданылады. «Үйден 5 сағат бойы шығуға болмайды» деген ескерту – қауіптің алдын алу бойынша міндетті түрде орындалуы керек шара. Ол туралы да нұсқаулықта жазылған», - дейді Дәурен Абаев.


Соңғы жаңалықтар