+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Коронавирус: Денсаулық вице-министрі елдегі ахуал бойынша кеңес өткізді

2021 жылғы 17 қаңтар 12:15
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Денсаулық вице-министрі елдегі ахуал бойынша кеңес өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният COVID-19 шалдыққан пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеңеске еліміздің барлық өңірінің Денсаулық сақтау басқармалары басшыларының орынбасарлары, миокард инфарктісі және жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу жөніндегі Үйлестіру кеңестерінің, инсульт және онкология аурулары басқармаларының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

А.Ғиният атап өткендей, COVID-19 инфекциясымен күреске мемлекеттің барлық мүмкіндіктері және құралдары бағытталды.

Дәрі-дәрмекпен, қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету, жаңа модульдік инфекциялық стационарлар салу бойынша шаралар қабылданды, қаражат бөлінді, КВИ емдеу және диагностикалау хаттамасы, іс-қимыл алгоритмі және тағы басқасы әзірленді және үнемі жетілдірілуде.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде коронавирустың таралу жағдайы тұрақталды және төмендей бастады.

«Бүгінде халық арасында коронавирустың өсуін ескере отырып, жергілікті жерлердегі дәрігерлер тіркелген халықты, бірінші кезекте Д-есепте тұрғандарды тексеру бойынша жұмысты жалғастыруы, науқастардың денсаулық жағдайының нашарлауын дер кезінде анықтау және оларды қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу үшін коронавируспен ауырғандарға мониторинг жүргізуі қажет. Жергілікті жерлерде жұмысқа мобильді бригадаларды белсенді тарту керек. Олар өз бетінше диагноз қойып, ем тағайындауы тиіс. Денсаулық сақтау басқармалары КВИ белгілерін өз бетінше анықтау және вакциналаудың артықшылықтары жөнінде халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуі қажет», - деп тапсырды вице-министр.

Кеңес барысында, сондай-ақ миокард инфарктісі және жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу, инсульт пен онкологиялық ауруларды емдеу бойынша Үйлестіру кеңестерінің жұмысы қорытындыланды.

Аталмыш кеңестердің ұсынымдары бойынша КВИ этиологиясы мен патогенезін ескере отырып, қан айналымы жүйесі аурулары бар пациенттерге ерекше назар аудару, пациенттерді динамикалық бақылаудан өткізуді жолға қою, науқастарды амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ мамандандырылған орталықтарды материалдық және кадрлық қамтамасыз етуді күшейту маңызды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT