+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Коронавирус: Дәрігерлер дене шынықтырумен айналыспауға кеңес береді

2020 жылғы 6 шілде 14:31
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Дәрігерлер дене шынықтырумен айналыспауға кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәрігерлер коронавируспен ауырған кезде дене шынықтырумен айналыспауға кеңес береді. Бұл туралы Астана медицина университеті Балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, инфекционист-дәрігер Баян Тұрдалина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ДСМ: Коронавируспен ауырған 423 адамның жағдайы нашар Коронавирус инфекциясының белгісі бар 972 пневмония тіркелді Қазақстанда  2 079 адам коронавирустан емделіп шықты

«Сау иммунитет кез келген жұқпалы процестің жеңіл немесе симптомсыз өтуіне әсер етуі мүмкін. Коронавируспен ауырмаймын деп дене шынықтырумен қарқынды айналысу, яғни ағзаға артық жүктеме түсіру де дұрыс емес. Олардың барлығы нормаға сай, біркелкі болуы тиіс. Әрине, иммунитет жақсы болуы үшін жүгіру, жүру, дене шынықтырумен айналысу керек», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, аурудың жұқпалы процесі жедел кезеңде болса, онда дене шынықтырумен, жаттығулармен айналысуға кеңес берілмейді.

«Психико-эмоционалды тыныштықты сақтау қажет. Әрине, нормаланған жүктеме болу керек. Бірақ, дәрігерлер аурудың жедел кезеңінде дене шынықтырумен айналысуға кеңес бермейді», - деді Баян Тұрдалина.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT