Коронавирус бүйрек жұмысын бұзады: Факт елордада тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттердің бүйрегінің зақымдалғаны анықталды. Бұл жайлы толығырақ қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясы үдететін аурудың бірі – бүйректің қатты зақымдануы. Нұр-Сұлтан қаласында мұндай жағдай тіркелді. Ондайда салалық мамандардың тартылуымен консилиум өткізіліп, диагностика мен емдеудің жоғары технологиялы амал-әдістері қолданылады.

Қауіпті жағдайларда жасалатын осындай амал-әдістер көбінесе оң әсер береді.

Бүйректің зақымдану жағдайы Қазақстанда, біздің Нұр-Сұлтанда да, әлем елдерінде де бар», - деді Сәуле Қисықова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек бұған дейін елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтқан болатын.

Сондай-ақ ол астанада қандай жағдайда карантин тәртібі қайта енгізілуі мүмкін екенін айтып берді.


Соңғы жаңалықтар