Коронавирус: Британиялық штамм әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Коронавирустың британиялық штамы әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы Британия Премьер-Министрі Борис Джонсон жұма күні болған брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Британия Премьерінің сөзінше, осы елде жыл басында пайда болған коронавирус түрі жылдам тарайды және ол өте қауіпті болуы мүмкін.
«Бүгін бізге Лондон мен Британияның оңтүстік шығысында пайда болған вирустың тез тараумен қатар оның салдарынан адамдардың да жиі қайтыс болуы мүмкін екендігі хабарланды»,-деді Джонсон.
Ол осыған дейін дайындалған вакциналардың коронавирустың екі түрі үшін де тиімді екенін айтты.
Әзірге Англияда вирустың тарау қарқыны біршама тыйылды. Ал, Солтүстік Ирландияда керісінше, вирустың жаңа штамына байланысты ауру өршіп кеткен.
Шотландия мен Уэльсте коронавирустың жаңа штамын жұқтырғандар көбейіп келеді. Англияда вирус жұқтырғандардың көпшілігін коронавирустың кәдімгі түрімен науқастанғандар құрап отыр.
Жаңа штамм көп тарап жатқан Солтүстік Ирландияда керісінше COVID-19-дан қайтыс болып жатқандар жиі кездеседі.
- Мәскеуде 65 жастан асқандар мен созылмалы ауруы бар адамдарды оқшаулау режимі алынды
- Экваторлық Гвинеяда қару-жарақ қоймасы жарылды, ең кемі 20 адам қаза тапқан
- Атырауда базарлар мен сауда үйлері штаттық режимде жұмыс істейді
- Мажарстанда қайтадан локдаун басталды
-
Елімізге шет елдерден ПТР анықтамасынсыз 984 жолаушы ұшып келген
-
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам