Коронавирус бойынша Қазақстан өңірлерінің статусы қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

«Сары» аймақта : Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймаққа: Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары енген.


Соңғы жаңалықтар