+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Коронавирус бойынша ахуал нашар: Мәскеудегі ҚР Консулдығы қабылдауды тоқтатты

2021 жылғы 21 маусым 20:30
Бөлісіңіз:
Коронавирус бойынша ахуал нашар: Мәскеудегі ҚР Консулдығы қабылдауды тоқтатты

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің Консулдығы коронавирус бойынша ахуалдың күрделенуіне байланысты азаматтарды қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде вирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді Әлемдегі ең кедей мемлекеттердің бірі коронавирус ошағына айналуы мүмкін – БҰҰ Коронавирустен емделіп жатқан 1 639 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

«Құрметті азаматтар! Мәскеу қаласында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына қатысты жағдайдың нашарлауына байланысты және барлық келушілердің денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Мәскеудегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің Консулдық бөлімі барлық консулдық және мемлекеттік қызметтер бойынша азаматтарды жеке қабылдауды уақытша тоқтатады.

Шұғыл мәселелер бойынша 8-925-897-71-17 «жедел желі» телефонына қоңырау шалуды сұраймыз.

Қалған сұрақтар бойынша consul.moscow@mfa.kz электрондық пошта арқылы хабарласуға болады», - делінген Елшіліктің Telegram-каналында.

Мәлім етілгендей, 24 маусым - 8 шілде аралығына қабылдауға жазылған азаматтар кейінгі күндері кезек тәртібімен қабылданады.

«Келушілерді қабылдауды қайта бастау туралы РФ-дағы ҚР Елшілігінің интернет-ресурстары арқылы қосымша хабарланатын болады», - деп нақтылады ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT