Коронавирус: БҚО-да шет елдерден келген 74 адам карантинде жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус бойынша қолайсыз шет елдерден келген 74 адам карантинде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың мәлім еткеніндей, барлығы 265 адам бақылауға алынған.

Соның ішінде 191-і үйден бақылануда.

Кеше Германиядағы Франкфурттан Оралға қазақстандық 8 азамат ұшып келді. Олардың барлығы «Ивушка» оңалту орталығына 14 күнге жатқызылды.

Жалпы, 100 орындық «Ивушка» орталығынан басқа Теректі ауданы Ақжайық ауылында тағы бір сондай стационар (20 орындық) әзірленген, ол резевте тұр. Осындай стационарлар Кумыска елді мекені мен Бәйтерек ауданы Переметный ауылында да бар.

«Сонымен қатар провизорлық стационар да бар. Яғни адамнан тұмау белгісі байқалса, онда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Қазіргі кезде өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Мұстаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда коронавирус туралы жалған хабар таратқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар