+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Коронавирус: БҚО-да 1500-ге жуық адам үй оқшаулауында жатыр

2020 жылғы 3 маусым 11:18
Бөлісіңіз:
Коронавирус: БҚО-да 1500-ге жуық адам үй оқшаулауында жатыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 1452 адам үй оқшаулауында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әлем елдері карантинді қайта күшейтіп жатыр АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 3 млн-нан асты Жаңаарқа тұрғындары науқастар мен дәрігерлерге қымыз жинауда

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, өңірде 413 адам ем алып жатса, 319-ы жазылып шықты.

Сондай-ақ 22 адам провизорлық, 102 адам карантиндік стационарда бақылануда.

Облыста соңғы тіркелген 40 адамның (өсім – 5,8 пайыз) 30-ы – бұрын коронавируспен ауырғандармен қарым-қатынаста болғандар. Ал 5 адамнан профилактикалық мақсатта сынама алынған кезде анықталды.

Коронавирус жұқтырған 2 адам – Ресейде жұмыс істейтін Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Олар «Сырым» автоөткелінен өткеннен кейін карантиндік стационарға жатқызылған.

Тағы 3 адам – Теңіз кен орнында вахталық әдіспен жұмыс істейтін облыс тұрғындары.

Науқастармен байланыста болғандар медициналық бақылауға алынып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Осылайша БҚО-да ауырғандар саны 732-ге жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған екі жасар баланың жағдайы өте ауыр екенін жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT