Коронавирус бір сырқаттан орташа 3-4 адамға жұғады – СҚО бас санитар дәрігері

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі тұрақталды, мамандар мұны дер кезінде қолға алынған іс-шаралармен байланыстырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО-ның бас санитариялық дәрігері Арман Күшбасовтың пікірінше, облыс орталығын карантинге жабу өз нәтижесін беріп жатыр. Соңғы күндермен салыстырғанда коронавирус бойынша жағдай тұрақтанып қана қоймай, 5,7% төмендету мүмкін болған.
«Ауырғандардың басым бөлігі – Петропавлдан. Осыған орай 9 қарашадан бастап облыс орталығы мен оған шекаралас жатқан Қызылжар ауданын блок-посттар қойып, карантинге жаптық. Сенбі-жексенбі және мереке күндеріне локдаун режимі енгізілген. Бұдан басқа кей нысандардың жұмысын шектедік. Бұл – өз нәтижесін берді. Осыған дейін облыстағы барлық ауырғандардың жартысынан астамы Петропавлда анықталса, қазір оны 40% дейін төмендеттік», - дейді Арман Күшбасов.
Маманның айтуынша, КВИ-мен ауырған 1 адамның өзгелерді жұқтыру деңгейі 20% төмендеген.
«Коронавируспен ауырған бір сырқат орташа 3-4 адамға жұқтырады. Қазан айында ауырғандармен байланыста болып, КВИ анықталғандардың үлесі 13% құраса, тек соңғы аптада бұл көрсеткіш 50% құрады. Оларда негізінен аурудың белгілері жоқ», - дейді облыстың бас санитариялық дәрігері.
Арман Күшбасовтың айтуынша, Петропавлда әзірге, карантиндік шектеулер жеңілдетілмейді. Яғни сенбі-жексенбі және мереке күндері қоғамдық көліктер бұрынғысынша жұмыс істемейді.
Бұған дейін облыстың бас санитариялық дәрігері коронавирус инфекциясын негізінен кімдердің және қайда жұқтыратынын айтқан еді.
- Қазақстанда осы уақытта 26 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр
- Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды
- Түлкібас ауданында карантин режимі жыл басынан бері 258 рет бұзылған
- Коронавирус: Британиялық штамм әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін
-
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 1050 адам жазылды
-
Қазақстанда бір тәулікте 1548 адамнан коронавирус анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам