Коронавирус: Бір облыс - «қызыл», 5 өңір - «сары» аймақта тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 18 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның бір облысы ғана «қызыл» аймақта қалған.

Ол - Павлодар облысы.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары тұр.

Қалған өңірлердің бәрі - «жасыл» аймақта.

Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.


Соңғы жаңалықтар