Коронавирус: Бейжіңнің үш ауданы мен маңындағы қалаларда әскери жағдай енгізілді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 56 күн қатарынан коронавирус инфекциясы болмағаннан кейін, Қытай астанасы Бейжіңде кенеттен бірнеше жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат chinanews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының есебіне сәйкес, бүгінгі күні елде 49 жаңа расталған жағдай тіркелді, оның ішінде 36-сы - Бейжіңде.

Атап айтар болсақ, 11 маусымнан бері 4 күн ішінде Бейжіңде коронавирус диагнозы қойылғандар саны 79 адамға жеткен.

Жаңа жағдайлардың басқа эпидемиялық аймақтарға таралу оқиғасы жоқ, бірақ олардың барлығы Бейжіңнің оңтүстігіндегі азық-түлік сататын көтерме сауда базарында болған. Қытайлық БАҚ карантин қызметкерлері балық кесетін тақтадан вирус тапқанын хабарлады.

«Індетке тап болған Бейжің коронавирус ушыққан Фэнтай, Ментугоу, Дасин аудандарында әскери жағдай енгізілетіндігін жариялады. Жергілікті үкімет барлық балық өнімдерін бір түн ішінде алып тастады және әр түрлі спорттық іс-шаралардың болмайтындығын мәлімдеді, кейбір мектептердің сабақты қайта бастауы кейінге қалдырылды және топтық кешкі асқа тыйым салды», - делінген ақпаратта.

Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, Бейжіңге жақын орналасқан Хэбэй провинциясында да коронавирус жұқпасының үш жаңа жағдайы тіркелген. Олардың барлығына, сонымен қатар Бейжің маңындағы Хэбэй провинциясындағы Баодин қаласы да 15 маусымнан бастап әскери жағдай енгзілетіндігін мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар