Коронавирус: Бес өңірде 9 науқас реанимациядан шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің 5 өңірінде 9 науқас жансақтау бөлімінен тұрақты палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Қазақстанда COVID-19 бар 9 науқас: Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 3, Шымкент қаласында - 1, Атырауской облысында - 2, Жамбыл облысында 2 адам интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер пациенттердің жағдайы жақсарғанын атап өтті және олар енді қарқынды терапияны қажет етпейді деп санайды», - делінген ақпаратта.

Бүгінге дейін елімізде барлығы 121 науқас реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Атап айтқанда,

Нұр-Султан қаласында - 36,

Алматы қаласында -24,

Алматы облысында - 3,

Карағанды облысында - 10,

Атырау облысында - 14,

Шымкент қаласында - 13,

Қызылорда облысында – 3,

Батыс-Қазақстан облысында – 1,

Павлодар облысында – 2,

Маңғыстау облысында – 5,

Шығыс-Қазақстан облысында -1,

Түркестан обласы-1,

Ақтөбе қаласында -1,

Жамбыл облысында – 7.


Соңғы жаңалықтар