09:30, 21 Қазан 2020 | GMT +6
Коронавирус белгілері бар пневмония бойынша 220 жағдай тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 220 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оған қоса 79 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 36200, 388 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28318 жетті.