+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Коронавирус: Бельгияда қылмыс 30% төмендеді

2020 жылғы 24 наурыз 17:52
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Бельгияда қылмыс 30% төмендеді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгияда COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шаралар қылмыстың едәуір төмендеуіне ықпал етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі De Tijd газетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлыбританияның премьер-министрі коронавирус жұқтырып алды Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар саны 58-ге жетті Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 1036 адамға жетті

«Қылмыс айтарлықтай аз жасалынып жатыр. Бізде әзірге нақты сандар жоқ, бірақ 30 пайызға қысқарды. Қылмыстың азайып жатқанын көріп отырмыз», - деп жазды басылым полицияға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, ұрлық жасау, бос тұрған кеңселерді, жабық дүкендер мен құрылыс алаңдарын тонау ісі байқалмады. Судьялар есірткі мен көшедегі бұзақылыққа байланысты қылмыскерлердің аз ұсталып жатқанын атап өтті.

Полиция қылмыс деңгейінің төмендеуіне байланысты қызметкерлерді коронавирусқа қарсы қабылданған қатаң шаралар аясында профилактикалық іс-әрекеттерді жүргізуге бағыттап жатыр.

Тұрғындар арасында үкіметтің нұсқаулығына мойынсұнғысы келмейтін адамдар әлі де баршылық.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT