Коронавирус бедеулікке әкеп соғатыны рас па – маман жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус салдарынан бедеулікке ұшыраған жағдай тіркелмеген. Бұл туралы Орталық коммикациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы коронавирус бедеулікке алып келетіні туралы ақпарат бар, бірақ бізде әзірге ондай науқастар анықталған жоқ және тіркелген жоқ», - дейді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» бөлім меңгерушісі Айнұр Тәуекелова.

Оның айтуынша, коронавируспен ауырғаннан кейін иммунитеттің төмендеп кетуі, қант диабеті, қалқанша безінің зақымдануы, тыныс жолдары аурулары және бауыр мен бүйрек ауруларының пайда болуы жиі кездеседі.

Еске сала кетсек, бұған дейін коронавирустың ауыр не жеңіл түрде өтуі штамдарға байланысты емес екендігі туралы жаздық.


Соңғы жаңалықтар