+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Коронавирус: Батыс Қазақстанда 92 адам карантинде жатыр

2020 жылғы 30 наурыз 13:42
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Батыс Қазақстанда 92 адам карантинде жатыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында күні бүгін 92 адам карантинде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың брифингте мәлім еткеніндей, соның ішінде екеуі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында.

Сондай-ақ 45 адам «Кумыскадағы», 9-ы Бәйтерек ауданындағы провизорлық госпитальда, 36-сы «Ивушка» карантиндік стационарында жатыр.

Оған қоса 614 адам үй карантинінде бақылануда.

Кеше Батыс Қазақстан облысында екі әйелдің коронавируспен ауруханаға жатқызылғаны мәлім. Қазір олар тиісті ем қабылдауда, жағдайлары қалыпты.

«Коронавируспен ауырған екі адамның жүрген-тұрған жерлері анықталды. Олармен тікелей қарым-қатынаста болғандар карантинге жатқызылды. Қалғандары үйден бақылануда. Сонымен қатар осы екі адам тұрған үйлерге (біреуі Оралда, екіншісі Ақсайда) де шектеу қойылды. Яғни әр пәтерден бір адам ғана маска киіп, қауіпсіздік талаптарын сақтап, дүкенге азық-түлік алып келуге бара алады. Немесе үйлеріне тамақ алдырта алады», деді Нұрлыбек Мұстаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған әйелдің біреуі Саратовтан, екіншісі Атыраудан келгенін, жеке мәліметтердің таралуына байланысты қылмыстық істің қозғалғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT