+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Коронавирус аяғы ауыр әйелден баласына жұға ма

2020 жылғы 30 наурыз 20:23
Бөлісіңіз:
Коронавирус аяғы ауыр әйелден баласына жұға ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде кардиохирургиялық орталық, нейрохирургиялық орталық, перзентханалар күнделікті жұмыстарын істеп жатыр. Бұл туралы елдегі коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдай жайлы онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде мұндай жағдай әзірге тіркелген жоқ. Аяғы ауыр әйелдерге коронавирусқа қатысты нақты ұсынымдар жоқ. Бізде вирус жұқтырып алған балалар бар. Өкінішке қарай, вирустық инфекция балаларды айналып өтпейді. Әзірге бұған байланысты қиындықтар жоқ. Біз кез келген санаттағы науқастарға көмектесуге дайынбыз», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы перзентханалар әдеттегідей жұмыс істеуде.

«Кардиохирургиялық орталық, нейрохирургиялық орталық, перзентханалар күнделікті жұмысын істеп жатыр. Қажет болған жағдайда жедел жәрдем шақырып, немесе өздеріңіз барып, перзентханада босануға мүмкіндіктеріңіз ба», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT