Коронавирус: Австрияда үшінші рет локдаун енгізіледі

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Австрия курорттарын ашты. 24 желтоқсан күні бір күнге 400-ден астам тау шаңғысы базалары ашылды. Екі күннен кейін елде үшінші локдаун басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВСС агенттігіне сілтеме жасап.

Үкімет желтоқсан айының басында курорттарды бір күнге ашу туралы шешім қабылдаған болатын және жаңа шектеулер енгізілгеннен кейін де одан бас тартпады. Билік мұны адамдардың ашық аспан астында шаңғымен сырғанайтындығымен түсіндірді. Егер қажетті сақтық шаралары сақталса, жұқтыру қаупі болмайды.

Қонақүйлер, барлар мен мейрамханалар жабық. Локдаун кезінде көптеген дүкендер мен қызмет көрсету саласы да жабылады.

«Бұл – алғашқы қадам және біз инфекция деңгейі төмендеген кезде оларды толықтай ашамыз деп үміттенеміз», – деді курорт туризмінің басшысы Ишгль Андреас Штайбл Франс-Пресске берген сұхбатында.

Наурыз айында бұл курортта мыңдаған шетелдік туристер коронавирус жұқтырған болатын.


Соңғы жаңалықтар