Коронавирус: Ауыр халде жансақтау бөліміне түскен Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы жақсарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирусқа шалдығып, жансақтау бөліміне түскен «МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаевтың беті бері қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы № 7 қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі мәлім еткедей, қазақстандық әнші Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы оңалып келеді.

«Науқас 16 қаңтар күні №7 қалалық клиникалық ауруханасына жедел жәрдем бригадасымен ауыр халде жеткізілді. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Онда ол бір күн болды, жағдайы тұрақталғаннан кейін палатаға ауыстырылды. Барлық қажетті сараптамалар жасалып, ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасы бойынша ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты» деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Аурухананың штаттан тыс бас инфекционисінің келісімі бойынша ол COVID-19 науқастарына арналған жаңа ауруханаға ауыстырылады.

Бұған дейін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаевтың коронавируспен ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар