+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Коронавирус: Аустралия ғалымдары екі вакцинаны сынақтан өткізіп жатыр

2020 жылғы 2 сәуір 15:27
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Аустралия ғалымдары екі вакцинаны сынақтан өткізіп жатыр

СИДНЕЙ. ҚазАқпарат - Аустралия ғалымдары коронавирусқа қарсы екі вакцинаны тестілеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оксфорд университеті мен америкалық Inovio Pharmaceutical компаниясы шығарған вакцинаны жануарларға тестілеуге рұқсат берді. Ал Аутралияның ұлттық ғылым агенттігі вакцинаны бағалап, адамға қауіпсіздігін анықтайтын болады.

«Өткен айда АҚШ-та вакцина адамға сыналған еді. Ол кезде жануарларға тестілеу сатысы кейінге қалдырылған болатын. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде басқа да вакциналар жасалып жатыр», - деп жазады автор. Мақалада айтылғандай, Аустралиядағы сынақтан өткізіліп жатқан вакцина жануарларға тестілеу моделін де қамтыған алғашқы кешенді зерттеу болады.

«Негізінен, вакцинаның толық дайын болуы үшін 1 жылдан екі жылға дейін уақыт кетеді. Бірақ біз бұл уақытты бірнеше айға қысқарттық», - дейді ғалымдар. Олардың айтуынша, жануарларға жасалған тестілеудің нәтижелері маусым айында белгілі болады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT