Коронавирус: Атырауға Мысырдан ұшып келген 34 адамның ПТР-тест қорытындысы шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысына Мысырдан ПТР-анықтамасыз ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус табылмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 21 желтоқсанда Атырауға Мысырдың Шарм-эль-шейх қаласынан 150 жолаушы ұшып келген. Оның ішінде 34 жолаушыда ПТР-тест нәтижесі бар анықтама болмаған.

«Мысырдан ұшып келген барлық жолаушыдан коронавирусқа қарсы сынама алынды. Зерттеу қорытындысы теріс нәтиже көрсетіп, жолаушылардан қауіпті инфекция анықталмады. Қазір олар үйіне жіберілді», - деп хабарлады басқарманың басқпасөз қызметінен.

Бұған дейін Атырауға 14-21 желтоқсан аралығында «Амстердам-Атырау» бағытымен барлығы 143 жолаушы ұшып келген. Оның ішінде 2 жолаушыда COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмай шыққан. Сол себептен, карантиндік стационарға жатқызылды. Олардан да COVID-19 инфекциясы анықталған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Теңіз кенішінде тағы 30 жұмысшы коронавирус жұқтырғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар