Коронавирус: Атыраудағы жансақтау бөліміндегі жүктеме 80 пайыздан асты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда инфекциялық стационарлардың жансақтау бөліміндегі жүктеме 80 пайыздан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, инфекциялық стационарларда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 676 науқас оқшауланған.

«Қазір 3 012 төсек-орны бар стационарлардағы жүктеме 55,6%-ды құрайды. Ал, 114 төсек-орынға арналған жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 95 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 12 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме 83,3%-ға жетті» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жансақтау бөлімінде жатқан науқастар саны көбейгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар