Коронавирус: Атырауда науқастардың көбеюіне байланысты резервтік стационарлар ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус індетіне шалдыққан науқастардың көбеюіне байланысты резервтік стационарлар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, резервтік стационардың бірі фтизиопульманологиялық орталықта ашылып отыр. Мұнда

коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеу үшін 75 төсек-орын дайындалған.

«Өңірдегі инфекциялық стационарларда 2 068 төсек-орын бар. Қазір стационарлардағы жүктеме 28,2% құрайды. Инфекциялық стационарларда 18 сәуірдегі мәліметке сәйкес, коронавирус жұқтырған 584 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада –181, облыстық аурухананың инфекциялық стационарында – 101, аудандық инфекциялық стационарларда – 130, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 147, фтизиопульмалогиялық орталықта 25 науқас ем алу үшін оқшауланды. Ал, үй жағдайында 1 068 адам ем алуда» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, жансақтау бөлімінде 27 науқас жатыр. Олардың 5-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар