Коронавирус: Атырауда дәрі-дәрмек бағасын төмендету туралы меморандумға қол қойылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда дәрі-дәрмектер бағасын төмендету туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен дәріханалар желісі бар «Семейное здоровье» және «Acme contract services» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арасында дәрі-дәрмектердің құнын төмендетуге арналған меморандумға қол қойылды.

«Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық аумағында антицидті препараттардың, ПТР-тестілердің және медициналық маскалардың құнын төмендету үшін ережелер әзірлеуді тапсырды. Қазірдің өзінде COVID-19 инфекциясын емдеу кезінде қолданылатын кейбір дәрі-дәрмектердің бағасын 20 пайызға төмендету мақсатында шаралар қабылданды. Дәрі-дәрмектердің бағасын төмендету үшін отбасылық және әлеуметтік дәріханалар желісімен жұмыс жүргіздік. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады» -деді өңірлік департамент директоры Дияс Жәнібеков.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жылына 30 млн медициналық маска шығаратын өндіріс іске қосылғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар