Коронавирус: Атырауда былтырғы наурыздан бері 643 мың ПТР-тест жүргізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда былтырғы наурыздан бері коронавирус инфекциясына қарсы 643 мың ПТР-тест зерттеуі жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу бөлімінің басшысы Ермек Шмалиевтің мәліметіне сүйенсек, Атырауда тәулігіне 7 мыңға жуық зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар 12 ПТР зертханасы жұмыс істеп тұр.

«Атырау облысында былтырғы наурыз айынан бері 643 мың ПТР-тест зерттеуі жүргізілді. Салыстырмалы түрде алсақ, өңірдегі тұрғындардың саны – 655 957. Ал, еліміздегі жан басына шаққанда жүргізілген зерттеулер бойынша бұл – ең жоғары көрсеткіш. Қаңтар айындағы орташа тәуліктік зерттеу 3 856 тестті құрайды» Ермек Шмалиев.

Оның айтуынша, биылғы қаңтарда жүргізілген ПТР-тест зерттеулерінің былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда 29%-ға артқан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кенішінде тағы 51 жұмысшы коронавирус жұқтырған болатын.


Соңғы жаңалықтар