Коронавирус: Атырауда 38 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған 38 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өңірдегі 2 098 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационарларда 596 науқас емделуде. Жүктеме – 28,4 %.

«Инфекциялық стационарлардың 81 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде 38 науқас емделіп жатыр. Науқастардың 5-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Мұндағы жүктеме 46,9%-ды құрап отыр», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда коронавирус жұқтырған 24 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар