Коронавирус: Атырау облысында вакцинацияның 1-кезеңі аяқталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцинацияның бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ресейлік «Спутник V» вакцинасын ерікті түрде салудың бірінші кезеңі аяқталып отыр.

«Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналаудың бірінші кезеңі 1-15 ақпан аралығында жүргізілді. Осы мақсатта Атырау қаласында 16, ал аудандарда 8 орын ашылды. Алғашқы кезекте вакцинаны медицина саласының мамандары алды. Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер де бар. Атырау қаласында 725, аудандарда 273 адамға екпе салынды. Вакцина алғандар арасында ауруханаға жатқызу жағдайы тіркелген жоқ», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 12 күнде 1 мыңға жуық адам вакцина салдырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар