Коронавирус: Атырау облысында наурызда 95 мың ПТР-тест жүргізілген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында биылғы наурызда коронавирус инфекциясына қарсы 95 мың ПТР-тест жүргізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, былтырғы наурыздан бері жүргізілген ПТР-тест саны 827 мыңға жетіп отыр.

«Қазір облыста тәулігіне 8300 зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар 15 ПТР зертханасы жұмыс істейді. Оның ішінде тек наурыз айында 95 мың ПТР-тест өткізілді. Наурыз айындағы орташа тәуліктік көрсеткіш – 3678 тест» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жансақтау бөлімінде жатқан 10 науқастың жағдайы ауыр екенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар