Коронавирус: Атырау облысында науқастардың 70% – Теңіз кенішінің жұмысшылары

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігін Теңіз кенішінің жұмысшылары құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиология бөлімінің басшысы Әсел Мұқаеваның айтуынша, соңғы тәуліктерде қауіпті індетке шалдыққандардың дені Теңіз кені жұмысшыларының арасынан анықталған.

«Олар коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызын құрайды. Жұмысшылардың басым бөлігінде қауіпті індет алдын ала тапсырылатын міндетті скринингілік тексеріс кезінде белгілі болған. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №57 қаулысына сәйкес, коронавирус анықталған науқаспен 3 және 12 тәулікте жақын қарым-қатынаста болған адамдардан ПТР-сынама алынады. Кейін олар 14 күнге үй карантиніне оқшауландырылады», - деді Әсел Мұқаева.

Басқарма өкілі карантинге оқшауланған адамда ауру симптомы байқалса, дереу дәрігерге жүгінуге кеңес береді. Науқастың жағдайы ауыр болса инфекциялық стационарға жатқызылады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кенішінде стационардағы науқастар саны 400-ге жеткенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар