Коронавирус: Атырау облысында 764 науқас емделіп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында коронавирус инфекциясынан 764 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен тәулікте қауіпті індетке тағы 62 адам шалдыққан.

Оның ішінде 11 адам – Атырау қаласының тұрғындары. Бұларға қоса Жылыой ауданында – 1, Қызылқоға ауданында – 5, Махамбет ауданында – 5, Құрманғазы ауданында 1 адамнан Сovid-19 инфекциясы анықталған. Ал Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырған 39 жұмысшы тіркелген.

«Covid-19 инфекциясы 20 науқаста симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 12 адам жазылып шықты» -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Бүгінде 268 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 100, аудандардағы стационарда 16, Теңіз кенішіндегі стационарда 380 адам ем-дом қабылдап жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кенішінде тағы 30 жұмысшы коронавирус жұқтырғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар