Коронавирус: Атырау облысында 6 күнде 721 педагог вакцина алды
2021 жылғы 16 наурыз 15:51

Коронавирус: Атырау облысында 6 күнде 721 педагог вакцина алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 6 күнде 721 педагог вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 9-15 наурыз аралығында өңірдің 1095-тен астам тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе салдырған.

«Оның ішінде 721 педагог, 344 медицина қызметкері, 29 мемлекеттік қызметші мен 1 полицей бар», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда үш күнде 605 алып, оның 400-ден астамы педагог екенін жазған едік.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT