Коронавирус: Атырау облысында 30 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін «сары» аймаққа өткен Атырау облысында қауіпті вирусқа шалдығып, жағдайы нашарлаған 30 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, инфекциялық стационарларда 418 науқас емделіп жатыр.

«Қазір өңірдегі 2 352 төсек-орынға арналған инфекциялық стационарлардағы жүктеме 17,7% құрап отыр. Стационарлардағы 90 орындық жансақтау бөлімінде 30 пациент оқшауланған. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеменің үлесі – 33,3 пайыз» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысы «сары» аймаққа өткенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар