Коронавирус: Атырау облысында 27 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 27 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жансақтау бөліміндегі науқастардың 5-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

«Атырау облысындағы инфекциялық стационарларда 524 науқас емделіп жатыр. Стационарлардағы 2098 төсек-орынның жүктемесі 24 пайызды құрайды. Ал жансақтау бөліміндегі 81 төсек-орынның 33,3 пайызы науқастармен толды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында шектеу шаралары күшейтілген болатын.


Соңғы жаңалықтар