Коронавирус: Атырау облысында 18 жүкті әйел мен 49 бала ауырып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Жасыл» аймақтағы Атырау облысында 18 жүкті әйел мен 49 бала коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте – 3 қарашада қауіпті вирусқа 19 адам шалдыққан. Оның ішінде Атырау қаласынан 11 тұрғын, Теңіз кен орнының 4 жұмысшы бар. Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 2, Индерде – 1, Исатай ауданында 1 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылған.

«Қазір үй жағдайында 176 адам, инфекциялық стационарларда 181 науқас емделіп жатыр. Өңірдегі модульдік ауруханада – 104, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда – 78, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 26, №2 облыстық ауруханада 3 пациент оқшауланған» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, 18 жүкті әйелден коронавирус инфекциясы анықталып отыр. Қазір 13 жүкті әйел инфекциялық стационарларда оқшауланса, 5-еуі амбулаториялық ем-дом алып жатыр.

Қауіпті вирусты жұқтырған балалардың саны – 49. Инфекциялық стационарларда 5 бала жатыр. Ал, 44 бала амбулаториялық емделуге жіберілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда коронавирус жұқтырған 13 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар