Коронавирус: Атырау облысы «қызыл аймаққа» енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «қызыл аймаққа» енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 16 желтоқсандағы жағдай бойынша, «қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы орналасқан.

«Сары аймақта» Алматы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары енген.

Қалған өңірлер - «жасыл аймақта».


Соңғы жаңалықтар