Коронавирус: Атырау облысы қайтадан «сары» аймаққа кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 9 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола және Павлодар облыстары «сары» аймақта тұр.

Ал қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.

«Қызыл» аймақта ешбір облыс жоқ.

Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта орналасқан.


Соңғы жаңалықтар