Коронавирус: «Ashyq» қосымшасы қоғамдық орындарға баруды қауіпсіздендіреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ЦДИАӨМ) ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен (ҚР ДСМ) бірлесіп «Ashyq» қосымшасын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ЦДИАӨМ, ҚР ДСМ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, карантин шаралары кезеңінде қызметі шектелген (spa-орталықтар, фитнес орталықтар, кинотеатрлар) бизнес өкілдері арасында пилоттық жобасын өткізуде. Енді, осы орындарға бару үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, кіреберісте көрсету қажет. Бағдарлама өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл мәртебелерге бөлінетін тәуекел дәрежесін көрсетеді.

Қызыл мәртебе қозғалысты шектеуді, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйді оқшаулаудың қатаң режимін сақтауды білдіреді.

Сары - қозғалысты ішінара шектеу, яғни пациентке үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруашылық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі.

Көк - ПТР міндетті болатын орындардан басқа (мысалы, әуежайда) қозғалысқа ешқандай шектеулер жоқ.

Жасыл мәртебе қозғалыста ешқандай шектеулер жоқтығын білдіреді. Бұл пайдаланушы деректер қорында COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген.

Аталған мәртебелерді көрсету бизнеске өз қызметін жалғастыруға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді. Келушілерде смартфон болмаған жағдайда қосымшада үй-жайға кіруді бақылайтын қызметкерлерге арналған функция бар, олар келушінің мәртебесін ЖСН немесе жеке куәлікте орналасқан штрих-кодты сканерлеу арқылы тексере алады.

Өткізілген пилоттық жоба қоғамдық орындарға (СОО, дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар, вокзалдар, әуежайлар және т.б.) кіру үшін Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша «Ashyq» мобильді қосымшасын таралымын көбейту мерзімін одан әрі анықтауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы кезеңде «Ashyq» мобильді қосымшасы App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді.


Соңғы жаңалықтар