Коронавирус: Арменияда ертеңнен бастап бірқатар шектеулер алынады

None
None
ЕРЕВАН.ҚазАқпарат – Армения үкіметінің шешімімен 4 мамырдан бастап елде коронавирустың таралуына қарсы енгізілген азаматтар мен бизнеске қатысты бірқатар шектеулер алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Армения экономика министрінің орынбасары Варос Симонян төтенше жағдай режимі аясында енгізілген шектеулерді алып тастайтын үкімет шараларын таныстырды. 4 мамырдан бастар азаматтардың республика бойынша жүріп-тұруына болады. Дегенмен қоғамдық көлік қозғалысы, облысаралық тасымал тоқтаған күйі тұра береді. 4 мамырдан бастап көтерме және бөлшек саудаға рұқсат етіледі. Тек ірі сауда орталықтары жабық тұрады. Химтазалау, шаштараз, сұлулық салондары жұмысын бастайды.

Министр орынбасарының айтуынша, 4 мамырда қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы жұмыс қайта жанданады. Жазғы террасасы бар ресторан, дәмхана, барлар жұмыс істейді. Дегенмен жабық ғимараттағы қоғамдық тамақтану орындарында қызмет көрсетуге тыйым салынған. Сонымен қатар, ботаникалық, зоологиялық бақтар, қорықтар мен басқа да табиғи аумақтар ашылады.

Симонянның сөзіне сенсек, 4 мамырда жұмысын бастайтын экономикалық субъектілердің жұмысы арнайы ереже және нұсқауларға негізделеді. Ал ол талаптардың қатаң сақталуын инспекциыялық органдар мен жауапты ведомставолар қадағалайды.

Еске сала кетейік, Арменияда 16 наурыз бен 14 мамыр аралығына төтенше жағдай режимі енгізілген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2 мамырға дейін елде 2273 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 1010 адам аурудан жазылып кетсе, 33 науқас көз жұмған.


Соңғы жаңалықтар