Коронавирус: Алматыда вирусты жаңадан жұқтырғандардың қайдан келгені анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазірі кезде Алматы қаласында коронавирус жұқтырудың 48 расталған жағдайы анықталып, 1 адам жазылып шықты. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жаңадан анықталған бес адамның ішінен төртеуі 26 наурызда Минск-Алматы рейсімен ұшып келді, біреуі 26 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келді. Ауырғандардың бірі 15 наурызда Ыстанбұл – Алматы рейсімен ұшып келді, 18 наурызда жақын байланыс жасаушы ретінде оқшауланған, бастапқы талдау қорытындылары теріс нәтиже берген. 2020 жылғы 26 наурызда талдауды қайта тапсырған кезде оң нәтиже шықты, осы уақыт бойы ол оқшаулауда болды. Жалпы, 45 науқас жай-күйі – қанағаттанарлық, ӨЖЖ аппаратындағы әйелдің жағдайы ауыр және 1 балада ауырлығы орташа дәрежеде жақсаруда»,- дейді Тілеухан Әбілдаев.
Қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда 1099 адам бар, оның ішінде 72-і – бала. Карантиндік орталықтарда 471 адам бар. Үй карантинінде 2037 адам.
«Карантиндегі барлық адамның дене температурасы қалыпты жағдайда, катаралдық симптомдары жоқ. Елге қайсыбір елден ұшып келсе де, талдаулар тапсыру үшін екікүндік карантинге орналастырылатындығын естеріңізге сала кетейік. Мұндай шаралар халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін қабылданды. Олардан COVID-19-ға талдаулар алынатын болады, егер инфекция расталмаса, олар үйлеріне шығарылады»,- деп қортындылады ол.
Еске салайық, кеше бір әйел емделіп үйіне шығарылған болатын. Ол енді емхана қызметкерлерінің 14 күндік бақылауымен үйінде болады.
- Алматы соты әлеуметтік желіде тараған "мас судьяның" видеосына қатысты тексеруді бастады
- Қазақстанда банк, ломбард және басқа да қаржы ұйымдарының жұмыс режимі өзгерді
- 23 қаңтардан бастап Қарағанды облысында карантин шектеуі күшейтіледі
- Футбол: Алматының «Қайратына» неміс шабуылшысы келді
-
Жаңа қаулы: Елордалық сауда орталықтары қалай жұмыс істейді
-
Вакцинация індетке қарсы күресте қалай көмектеседі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам