Коронавирус: Алматыда бір тәулікте 2,3 мың адам вакцина алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 2 358 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 27 мамыр күні 2 358 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 27 мамыр аралығында қалада барлығы 296 286 адамға екпе салынды.

Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Бүгінгі күні қалада вакцинаның бірінші компонентінің 30 699 дозасы және екінші компоненттің 53 279 дозасы бар.


Соңғы жаңалықтар