+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Коронавирус: Алматыда апта соңына дейін қосымша 500 орын ашылады

2020 жылғы 6 шілде 15:42
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Алматыда апта соңына дейін қосымша 500 орын ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда апта соңына дейін қосымша 500 орын ашылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-тың бас инфекционисі коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның қауіпсіз екеніне күмәнданды Елімізде 1 423 коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмония тіркелді 975 қазақстандық коронавирустан емделді

«Бүгінде қалада коронавируспен күреске қуаттылығы 3 340 жатын орынға шақталған 19 стационар жұмылдырылған - өсім 7 есеге көбейген. Психикалық денсаулық орталығының негізінде қосымша 150 орын, Урология ғылыми орталығында 150 орын ашып, Halyk Arena базасының негізінде 200 орынды кезеңімен 1 000-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Осылайша, осы аптаның соңына дейін қосымша 500 орын әзірленеді. Сонымен бірге, Halyk Arena базасының негізінде жансақтау бөлімі, тиісті құралдары бар толыққанды стационар ашылады, науқастарға оттегі орындары қолжетімді болады»,– деді Алматы әкімі.

Сонымен қатар, ол қалада коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша барлық бағытта белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

«Амбулаторлық деңгейде «виртуалды инфекциялық аурухана» ашылды. Сонымен бірге, COVID-19 жұқтырған мұқтаж науқастарды, бақылап, емін түзету бойынша, сонымен бірге, тәулік бойғы режимде тәуекел тобындағы науқастардың асқынуының дамуын амбулаторлық деңгейде бақылау үшін мониторинг орталығы жұмысын бастады. Аталған шаралар жағдайлары ауыр науқастарды, әсіресе қарт адамдарды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Олардың құрамына құрамына бөлім меңгерушілері, инфекционист дәрігерлер, эпидемиологтер, учаскелік дәрігерлер және мейірбикелер енген. Қазіргі уақытта 72 бригада мобилизацияланды және АМСК 297 қызметкері жұмылдырылды», – деді Бақытжан Сағынтаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT