+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Коронавирус: Алматыда 5 мыңнан астам төсек-орын дайындалды

2021 жылғы 12 шілде 21:47
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Алматыда 5 мыңнан астам төсек-орын дайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Алматы қаласының инфекциялық стационарларында 5 060 төсек-орын бар. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда коронавируспен күрес шараларына 4,2 млрд теңге бөлінді Ақтөбе облысында дәрігер тапшылығы жоқ – Руслан Хамбаров Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер 100 пайыз екпе алды

Оның айтуынша, бүгінде жұқпалы аурулар стационарында коронавирус жұқтырған 1 724 науқас жатыр, оның 143 бала.

«Алматыда 5 060 төсек-орыны бар 12 стационар дайындалды. Қазіргі уақытта оның 34% - ы бос емес. «Дельта» – штаммы өте қауіпті. Науқастарды емдеу әр түрлі емес, бірақ дәрі-дәрмектерді тағайындаудың бір ерекшелігі бар. Инфекция кезінде қандай органдар әсер ететіндігі де ескеріледі. Бүйрек жиі зақымданады», – Алматының бас дәрігері.

Нариман Табынбаев қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырады, себебі бұл дерт күрделі асқынуларға алып келеді. Індет пен коронавирус штаммдардың таралуын тоқтатудың жалғыз мүмкіндігі вакцина алу.

Айта кетейік, Алматы қаласында 212 вакцина пункті жұмыс істейді. 1 260 адам жұмылдырылған 308 екпе бригадасы қызмет атқарады. Қалада вакцина пункті жеткілікті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT