Коронавирус: Алматы облысында 125 адам ауруханаға түсті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бір күн ішінде Алматы облысында коронавируспен ауырып жүрген 125 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 қарашадағы бойынша өңірде 926 адам стационарда емделіп жатыр. Бір тәулікте өңірдегі ауруханаларға 125 адам түсті. Ауруханалардағы төсек орын саны – 1 895. Төсек-орын жүктемесі – 48,8 пайызға толды», - делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің таратқан хабарламасыда.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Алматы облысында 57 адам коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Соның ішінде Талдықорған қаласында 17 жағдай, Алакөл және Панфилов аудандарында 6 жағдайдан, Ұйғыр ауданында 5, Сарқан және Талғар аудандарында 4 жағдайдан, Еңбекшіқазақ ауданы мен Қапшағай қаласында 3 жағдайдан, Жамбыл және Қаратал аудандарында 2 жағдайдан, Ақсу, Ескелді, Қарасай, Кербұлақ және Райымбек аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.

Облыста 119 адам COVID-19-дан емделіп шықты. Өңір «жасыл» аймақта. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, соңғы 3 күнде 8 364 адамның коронавирусқа тапсырған сынамасы зертханаларда тексерілген.

Алматы облысында коронавирус вакцинасының 1-ші компонентін алғандар саны – 842 624. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1 643. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны 768 162-ке жетті. Соның ішінде өткен тәулікте екпе алғандар саны 2 357 адам.


Соңғы жаңалықтар