Коронавирус: Алматы облысы «қызыл аймақтан» «сары аймаққа» шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің аумақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 17 сәуіріндегі жағдай бойынша:

«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

«Сары аймаққа» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары кірді.

«Жасыл аймақта» әзірге Қостанай мен Түркістан облыстары ғана тұр.


Соңғы жаңалықтар