Коронавирус: Алматы аумағында 27 бекет орнатылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға жариялаған үндеуінде қаланың шекарасын күзетуге 27 бекет орнатылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тез тарап жатқан вирус бізді жылдам шешім шығаруға мәжбүр етуде. Сондықтан мен төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияға қалада карантин енгізу туралы ұсыныс енгіздім. Бұл шешім 1 сағат бұрын қабылданды. Қалада карантин 19 наурызда түнгі сағат 00:00-де енгізіледі. Алматыдағы карантиннің басты мақсаты - инфекцияның тез таралуын тоқтату. Азаматтар мен автокөлік құралдарын Алматыға кіріп шығуын шектеу үшін Алматыға кіреберістерде 27 блок бекеті орнатылады. Блок бекеттерінде полиция патрульдік полкінің, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық гвардия бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, қала әкімі қалада тротуарларды жуу және дезинфекциялау арқылы жұқтыру орындарын бұғаттауды қолға алмақ. Тұрғын үйлерде санитарлық эпидемиологиялық дезинфекциялауды күшейту және іргелес аумақтарды санитарлық тазалау жүзеге асады.

Айта кету керек, карантин режімі 19 наурызда түнгі сағат 00:00-де іске қосылады.


Соңғы жаңалықтар