Коронавирус әлемдік рецессияны іске қосатын маңызды триггер емес – Ерболат Досаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қытайдағы коронавирустық індет әлемдік экономикаға қалай әсер етуі мүмкіндігіне қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дағдарысқа қарсы түрлі жоспарлар жасалды. Бізде алдыңғы жылдарға жоспар құру бойынша тәжірбиеміз мол. Өткен жылдың соңында Үкіметпен бірге қазіргі жағдайды ескере отырып, бағдарламаларды жаңарттық. Атап айтар болсақ, мұнай бағасының төмендеуі, сауда кедергілерін ескеру сценарийі бойынша Үкімет пен Ұлттық банкте жоспар бар», - деді бүгін Алматыда өткен брифингте Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, бүгінде әлем екіге бөлінді: бірі – түбегейлі, коронавирустық індет жаһандық экономикалық құлдыраудың қоздырғышы болады деп санаса, екінші тарап Қытай үкіметі қысқа мерзімде жұқпалы ауруды жеңеді деген ойда.

«Бүкіл әлемді локализация қызықтырады. Бұл мәселе тек қытайлық проблема емес және оны бәрі жақсы түсінеді. Сондықтан, менің ойымша, әлемдік қауымдастық Қытай экономикасының даму тұрақтылығына мүдделі. Бүгінгі таңда бізге қажетті шешімдер қабылдау үшін ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау аясында оқиғалар мен мәселелерге мұқият бақылау жүргізу қажет. Меніңше, коронавирус әлемдік рецессияны іске қосатын маңызды триггер емес. Қазіргі жоспарлармен салыстырғанда Slowdown болуы мүмкін, бірақ бір ай ғана өтті», - деді Ұлттық банк басшысы.


Соңғы жаңалықтар