Коронавирус: Әлемдік екі жарыс кейінге шегерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық конькишілер қауымдастығы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатын коронавирустың таралу қаупіне байланысты кейінге шегерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Негізгі жоспар бойынша мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты 16-22 наурыз күндері Монреальда (Канада) өтуі тиіс болатын. Алайда, бұл дода ISU шешімімен белгісіз мерзімге шегерілді.

Сондай-ақ, бүгін спорттық гимнастикадан Дохада (Катар) өтуі тиіс лицензиялық әлем кубогі кезеңі де кейінге шегерілгені белгілі болды. Аталған лицензиялық турнир 18-21 наурыз күндері Катар астанасында өтеді деп жоспарланған болатын.

Бұл дода коронавирус эпидемиясының таралуына байланысты 2020 жылдың 3-6 маусымына шегерілді.


Соңғы жаңалықтар