Коронавирус: Әлемдегі ахуал қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) 16 шілдедегі жағдайды талдаған мәліметі бойынша әлемде коронавирусты жұқтырудың 187 719 жаңа жағдайы тіркелген. Осылайша 13 338 364 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Өкінішке қарай, пандемия 579 мыңнан астам адамның өмірін жалмады. Бүгін әлем елдерінің коронавирус індетімен қалай күресіп жатқанын шолып көрмекпіз.

Израиль денсаулық сақтау министрі Юлий Эдельштейн Израильге елді толықтай жауып тастаудан ғайыптан тайып бір ғажайып келіп құтқармаса, басқа жол жоқ екенін жария етті. Израильдік Yedioth Ahronoth Израиль газетінің жазуынша, Юлий Эдельштейн елдің жабудан басқа амалды білмейді. Себебі күн сайын 2 мың адамның КВИ-ді жұқтыруы ол елдегі ахуалды күрделендіріп барады.

Эдельштейн өкпені жасанды желдету аппараттарына мұқтаждық артып, ақ халаттылардың бәрі де COVID-19 індетіне қарсы күреске жұмылғанын растады.

«Мен шектеу шараларының мүмкіндігіне сенбеймін. Ауру жұқтырғандар деңгейі бірден төмендемесе, елді толықтай жабуға аз қалдық», - деді Эдельштейн.


***

Көпшілік Бразилияның мемлекет басшысының коронавируспен ауырғанынан хабардар. Бұл елдің президентінің COVID-19 бойынша тапсырған тесті оның коронавирусты тағы да жұқтырып алғанын көрсетті. Бұл туралы бірден бірнеше бұқаралық ақпарат құралдары, атап айтқанда CNN Brazil, ТАСС ақпарат көздері хабар таратты.

Жаир Болсонарудың өзі жағдайы жақсы екенін айтады. Оның қанындағы оттегімен қанықтыру пайызы 96-дан 98-ге дейін өсті. Көптеген науқасқа қарағанда онда тыныс алуында проблема болмаған, дәм сезуі жоғалмаған. Бразилия басшысының айтуынша, қан анализі қалыпты нәтижені көрсеткен. Бұған дейін Бразилия президенті гидроксихлорокиннің арқасында өзін жақсы сезінетінін мәлімдеген болатын. Ол әлі күнге дейін осы препаратты қабылдап жатыр. Таяу күндері ол тағы бір коронавирус тестінен өтпек. Осы тесттің нәтижесі оның бұрынғы жұмыс режиміне орала алатынын немесе қайтадан өздігінен оқшауланатынын шешеді.


***

Колумбия астанасы Богота коронавирустық соққысын «өзіне қабылдап алды». Вирустың таралуының ең қиын жағдайы осы аймақта байқалған. Онда 55 056 адам вирус жұқтырған. Елде бір тәулікте 5 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Жалпы коронавирусты бұл елдегі 165 169 азамат жұқтырған.

Елде соңғы 24 сағат ішінде 189 науқас көз жұмды.


***

Үндістан коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы бойынша әлемде үшінші орында тұр. Бір тәуліктің ішінде науқастардың саны 29,4 мыңға артып, жалпы 936 181 адамға жетті. 319 840 адам инфекциядан емделіп жатыр. 592 031 адам жазылып, 24 309 адам қайтыс болған. Елдің орталығындағы Махараштра штаты ең қатты зардап шекті. Онда коронавирус инфекциясын жұқтырудың ең көп мөлшері тіркелді (267,665 адам, соңғы тәулікте 6741 жағдай). Үндістандағы қазіргі жағдайға байланысты 300 миллионнан астам адам қайтадан карантинде өмір сүруде.

The Times газеті коронавирус жұқтырғандардың саны елде күрт өсіп келе жатқанын хабарлады. Кейбір қалалар мен штаттарда шектеу шаралары қайта енгізілуде. Мәселен, билік Бихар штатының халқын 15 күндік карантинге жіберуге шешім қабылдады. Бангалор тұрғындары да бір апта ішінде оқшауланады.


***

Мексикада коронавирус жұқтыру жағдайларының саны 318 мыңнан асты. Бұл туралы Мексика Денсаулық сақтау министрлігінің бас эпидемиологы Хосе Луис Аломияға мәлімдеме жасады. Бір тәулік ішінде елде 6149 жаңа жағдай анықталды. Бүкіл әлем коронавируспен ауырмаудың жолын іздеп жатса, Мексикада ковид инфекциясын әдейі жұқтырғандар да бар. Аймақтық билік бұл үшін жазаны қатайтып отыр.

Қасақана жұқтырып алған мексикалықтар Нуэво-Леон штатында үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 35 мың песо (1,5 мың доллар) көлемінде айыппұл төлейді. Телевизия телеарнасы аймақтық биліктің шешімі сейсенбіде күшіне енгенін хабарлады. Аймақтық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мануэль де ла тұрғындарға ескерту жасады: «Егер сіз кез-келген ауыр жұқпалы аурудан зардап шегіп, басқа адамдарға қауіп төндірсеңіз, онда сіздің әрекетіңіз қылмыс болып саналады».


***

16 шілдедегі жағдай бойынша Данияда КОВИД-19 инфекциясының 13 092 жағдайы тіркелді. Өкінішке қарай, пандемия басталғалы бері коронавирус 610 адамның өмірін қиып кетті. 12 182 адам толықтай емделді. Дания бүкіл әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны бойынша 68 орында. Жақында Дания билігі әуежайлар «қызыл аймақтарға» енетін аймақтардан рейстерді қабылдамайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, мыңнан астам адам қатысатын барлық іс-шара тоқтатылды.


Соңғы жаңалықтар