Коронавирус: Әлемде індеттен жазылған адамдар саны 200 мыңнан асты

None
None
АНКАРА.ҚазАқпарат – Бейсенбі күні коронавирустан жазылып шыққан адамдардың саны әлем бойынша 200 мыңнан асты, бұл індеттен көз жұмғандардың тіркелген санынан төрт есе көп. Johns Hopkins University мәліметі бойынша, эпидемия бүкіл әлемде 48 300 адамның өмірін жалмады, 202 541 адам жазылды. Ауру жұқтырған адамдардың жалпы саны 952 мыңға жуықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu Agency агенттігіне сілтеме жасап.

Індеттен айыққан адамдардың ең көп саны – вирус тараған ошақ Қытай елінде тіркелді (76 571 адам). Испанияда 26 743 адам вирусты жеңді. Германияда жазылып шыққандар саны - 19 175 адам.

Johns Hopkins University мәліметінше, бейсенбі күнгі жағдай бойынша, Қытайда коронавирус жұқтырудың 82 400 оқиғасы расталды, 3 322 адам көз жұмды. Испанияда 10 мыңнан астам адам қайтыс болғаны, 104 мың адам ауру жұқтырғаны атап өтіледі.

І ндеттен Италияда ең көп адам көз жұмған. Коронавирус бұл елде 13 200-ге жуық адамның өмірін қиып әкетті, ауруға шалдыққандардың жалпы саны 110 600 адамға жеткен. Індетті 16800 адам жеңіп шыққан. Германияда коронавирустан бір мыңға жуық адам көз жұмды, 78 мың адам ауруға шалдықты.

Сәрсенбі күнгі мәліметтер бойынша, Францияда вирустан 4032 адам қайтыс болды. Вирусты 58 мыңға жуық адам жеңіп шыққан.

Әлемде COVID-19 ауруын жұқтырудың ең көп оқиғасы АҚШ-та тіркелген (217 мыңға жуық адам). Эпидемиядан 8 670-тен астам адам сауықты, елде аурудан көз жұмғандар саны - 5130 адам.

Көптеген елдер коронавирус ең көп тараған өңірлерге кіруге шектеу енгізіп, қатаң оқшаулау шараларын енгізді, себебі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың өршуін пандемия деп жариялап, Еуропаны – індеттің жаңа ошағы деп атаған.


Соңғы жаңалықтар